Қазақстандағы АЭС: су радиациялық ластанудан қалай қорғалады

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 14:34 Фото: unsplash
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Асет Махамбетов 2026 жылғы 13 мамырда Мәжілісте өткен брифингте атом электр станциясының жұмысы кезінде су ресурстарын радиациялық ластанудан қорғау мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қауіпсіздік реактордың техникалық құрылымы арқылы қамтамасыз етіледі.

"Бірінші АЭС-те салу жоспарланып отырған реактор – 3+ буындағы су-энергетикалық реактор. Ол екі жабық контурдан тұрады, ал су тек конденсаторды салқындату үшін пайдаланылады. Яғни сырттан алынатын су реактордың негізгі аймақтарымен жанаспайды. Сондықтан оның радиациялық ластануы мүмкін емес", – деді Асет Махамбетов.

Сондай-ақ ол пайдаланылған судың кейінгі айналымы туралы да айтты.


"Конденсаторды салқындатудың бірнеше әдісі қарастырылған: ылғалды және құрғақ градирнялар. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ылғалды жүйе қолданылған жағдайда қуаты 1,2 мың мегаватт болатын екі реакторлы станцияда жылына шамамен 60 млн текше метр су табиғи булану арқылы жоғалады", – деп түсіндірді агенттік өкілі.

Бұған дейін Қазақстанда АЭС-ке қатысты кейбір ақпараттардың құпиялануы мүмкін екені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: