Алматының қақ ортасында көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жазғы кофехана алаңына құлады
Сурет: Telegram/Kozachkov offside
Әлеуметтік желіде Алматыдағы кофехалардың бірінің жазғы алаңының талқандалып, тұрғын үйдің қасбетінен жерге құлаған плиткалар сипатталған видео тарауда. Zakon.kz сайты аталған жайтқа байланысты түсініктеме алу үшін әкімдікке жүгінді.
Аталған оқиға Гоголь көшесі бойында, Қонаев көшесімен қиылыста орын алғаны белгілі болды. Видеодан көрініп тұрғандай, шатыр ғана емес, кофехананың жиһазы да бүлінген. Адамдар зардап шеккен бе, ол жағы нақтыланбайды.
Қала әкімдігі Гоголь көшесі, 75 мекенжайы бойында орналасқан көппәтерлі үй 1977-1978 жылдары салынғанын жеткізді. Ғимараттың қасбеті плиткалармен қапталған. Аталған жағдайда қасбеттің қаптама элементтерінің ішінара бүлініп, жерге түсуі орын алған.
"Үй кондоминиум объектісі болып табылады, оның жалпы мүлкін күтіп ұстау, ғимараттың қасбетін қоса алғанда, үй-жайлар иелерінің міндеттеріне жатады. Қазіргі уақытта Медеу ауданы әкімінің аппараты төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп қасбет қаптамасының апатты элементтерін анықтап, қайта жасауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде", - деп хабарлады әкімдіктен.
Алматының көппәтерлі үйлерінің едәуір бөлігі бірнеше онжылдар бұрын салынғанын ескере отырып, қасбеттерді жаңарту мәселесі өзекті болып табылатыны баса айта кетелік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript