Атырау облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 14:16 Фото: unsplash
Атырау облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Томан ауылы "Ішімдіксіз ауыл" бастамасына қосылған 57-ші елдімекен атанды.

Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан "Ішімдіксіз ауыл" жобасы тұрғындар тарапынан кең қолдау тауып келеді. Соның нәтижесінде Исатай ауданына қарасты Томан ауылы алкоголь өнімдерінен бас тарту туралы ортақ шешім қабылдап, өңірдегі "Ішімдіксіз ауылдар" қатарына қосылған 57-ші елдімекен атанды.

15–19 маусым аралығында өткізілген акция барысында ауыл тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және алкоголь өнімдерінің зияны жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар бастаманы бірауыздан қолдап, ауылдағы тыныштық пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға әр азаматтың үлес қосуы маңызды екенін атап өтті. Томан ауылы – ынтымағы мен бірлігі жарасқан, берекелі елді мекендердің бірі. Мұны ресми көрсеткіштер де растайды.

Соңғы бес жыл ішінде ауыл аумағында бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұл жергілікті тұрғындардың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасқанын, өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттарының берік орныққанын көрсетеді.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі теміржол саласында еңбек етеді. Сонымен қатар мұнда мектеп, балабақша және мәдениет үйі тұрақты жұмыс істеп, халықтың әлеуметтік және мәдени өмірінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Жергілікті тұрғындар учаскелік полиция инспекторы Ербол Ұзақбаевтың еңбегін ерекше бағалайды.

Оның халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың өтініштері мен мәселелеріне жедел ден қоюы, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізуі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі ауыл жұртшылығының сеніміне ие болған. Тұрғындармен өзара түсіністік пен әріптестікке негізделген жұмысы ауылдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды кепілдерінің бірі саналады.

"Ішімдіксіз ауыл" бастамасына қосылу Томан ауылы үшін жай ғана таңдау емес, өскелең ұрпаққа үлгі болатын өмір салтын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған ортақ ұстанымның көрінісі.

Өңірдегі 57-ші "Ішімдіксіз ауыл" атанған Томан бүгінде бірлік пен жауапкершіліктің, салауатты өмір салтының және қауіпсіз қоғам құру жолындағы игі бастамалардың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: