Қазақстан Ресейге 6 тонна қиярды кері қайтарды: себебі белгілі болды
Фото: Zakon.kz
Қазақстан фитосанитарлық талаптардың сақталмауына байланысты Ресейден жеткізілген жаңа піскен қиярдың ірі партиясын кері қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған шараны қабылдауға карантиндік өнімнің фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудан заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес өткізілмеуі негіз болды.
Министрлік фитосанитариялық талаптарды сақтау елдің карантиндік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғаудың міндетті талабы екенін еске салады.
Осы ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өсімдіктер карантині саласында заңнама талаптарын қатаң сақтап, белгіленген бақылау рәсімдерінен уақтылы өтуді қамтамасыз етуі қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript