Көкшетауда 115 миллион теңгенің алтыны жоғалды: күдік бұрынғы басшыға түсті

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 11:07 Фото: pexels
Көкшетауда құны 115 миллион теңгеден асатын алтын әшекейлердің жоғалуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 17 маусымда полиция басқармасына зергерлік компания өкілінен арыз түскен.

Компанияның Көкшетаудағы филиалында жүргізілген ішкі тексеру барысында алтын бұйымдардың ірі көлемде жетіспейтіні анықталған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ұрлық немесе ысырап жасау фактілері осы жылдың сәуір-маусым айлары аралығында орын алған болуы мүмкін. Компания өкілінің айтуынша, бұл іске филиалдың бұрынғы өңірлік директорының қатысы болуы ықтимал", – деп хабарлады полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында полицейлер арызданушылар күдік келтірген тұлғадан жауап алып, қажетті құжаттарды жинау және талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жалғасуда.

Осыған байланысты полиция сауда орындары мен ұйым басшыларына ішкі аудит пен түгендеу жұмыстарын тұрақты жүргізуді, тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысын қатаң бақылауды, сондай-ақ бейнебақылау және заманауи есепке алу жүйелерін пайдалануды ұсынды.

Бұған дейін Ақмола облысының киберполиция қызметкерлері Алматыда арнайы операция жүргізіп, интернет арқылы жоқ спорттық тауарларды сатып келген 24 жастағы сериялық алаяқты ұстаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: