Астанада баспанаға мұқтаж азаматтарды алдаған күдікті ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 12:24 Фото: Zakon.kz
Елордада мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деген әйел 50-ден астам адамды алдаған.

Астана қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтер алып беруге уәде еткен күдіктінің заңсыз әрекеті әшкереленді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 36 жастағы елорда тұрғыны азаматтардың баспанаға мұқтаж екенін пайдаланып, өзін сенімді тұлға ретінде таныстырған. Ол мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында пәтер алуға көмектесетінін айтып, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың қомақты қаражатын иемденген.

Күдікті тұрғын үй кезегін жылдамдатуға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға ықпал ете алатынын алға тартқан. Осы тәсілмен ол жәбірленушілердің бірінен 1 миллион теңге алып, ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта әйелдің осыған ұқсас 50-ден астам алаяқтық дерегіне қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Азаматтардың баспаналы болуға деген үмітін пайда көзіне айналдырған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу заңнамада белгіленген тәртіппен ғана жүзеге асырылады. Сондықтан тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты күмәнді ұсыныстарға сенбеу және қаражатты бейтаныс адамдарға бермеу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: