Алматыдағы аулаларда дұрыс қойылмаған көліктер айыптұраққа эвакуацияланды

Көліктер эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 13:14 Сурет: Instagram/112almaty
Алматыда Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мен Полиция департаменті (ПД) көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шараның мақсаты – өрт сөндіру және арнайы техниканың аулаларға кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 19 маусымда ТЖД баспасөз қызметі келесіні мәлімдеді:

"Іс-шара барысында жедел қызметтердің өтуіне кедергі келтіретін жерлерге көлік қою фактілері анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырды. Бұзушылықты жоймаған көліктер арнайы айыптұраққа эвакуацияланды".

ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарына дұрыс қойылмаған көліктер адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

"Өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде әр минут маңызды. Дұрыс қойылмаған көлік құтқарушылардың дер кезінде жетуіне кедергі келтіріп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін, 2026 жылғы 12 маусымда, алматылықтар өз үйлерінің маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалана алатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: