Тайландта жоғалған қазақстандық рэпер аман табылды

Тайландта жоғалған қазақстандық рэпер аман табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 10:56 Сурет: Instagram/sweetchili999
Танымал қазақстандық хип-хоп орындаушысы "Кисло-Сладкий" (шын аты – Дархан Жұмабек) Таиландта жоғалып кеткеннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші 2026 жылғы маусым айында музыкалық клип түсіру жұмыстарына қатысу үшін Тайланд еліне ұшып кеткен. Алайда көп ұзамай ол байланысқа шықпай қалған.

22 маусым күні режиссер Парасат Ибраев өзінің мәлімдемесінде әншінің табылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Дархан Жұмабек дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр.

"Ол кемінде бір тәулік ауруханада болып, қалпына келуі керек. Ең бастысы – ол табылды және қауіпсіз жерде. Дезинформацияға сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сүйену қажет", – деп жазды режиссер Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылдың мамыр айында, рэпер клубтағы өнер көрсету кезінде тәртіп бұзғаны үшін ұсталып, айыппұл салынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: