Атырауда "Автобус" іс-шарасы барысында 30-дан астам көлік айып тұрағына қойылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 12:06 Фото: pexels
Атырау облысында 19-23 маусым аралығында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына және жолаушылар тасымалы саласындағы заңнама талаптарының орындалуына бақылауды күшейтті.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы үш күнінің қорытындысы бойынша 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын, сондай-ақ қауіпсіздік белбеулері мен мотошлемдерді пайдалану талаптарын бұзудың 329 дерегі тіркелді.

Сонымен қатар техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдаланудың 160 фактісі анықталды. Заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін 30-дан астам автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда.

Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау және тасымалдау саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әрбір жүргізуші мен тасымалдаушының жауапкершілігі – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: