Қарағанды облысында екі әйел қабір үшін соттасты: дауды шешу үшін эксгумация жасалды

Мусульманское кладбище, мусульманские захоронения, мусульманское захоронение, могила, могилы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 11:59 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында екі әйелдің бір қабірге қатысты дауы сотқа дейін жетті. Істің ақ-қарасын анықтау үшін жерленген адамның сүйегі эксгумацияланып, молекулалық-генетикалық сараптама жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істі Бұқар жырау аудандық соты қарады.

Талапкердің айтуынша, анасы 2024 жылдың қараша айында қайтыс болғаннан кейін оны "Құрылыс" зиратына жерлеген. Алайда кейін анасы жерленген орынға басқа адамның аты-жөні жазылған құлпытас пен қоршау орнатылғанын көрген. Оның сөзінше, бұл құрылыстарды жауапкер орнатқан және оларды өз еркімен алып тастаудан бас тартқан.

Осыған байланысты талапкер соттан қоршау мен құлпытасты бұзуды міндеттеуді және сот шығындарын өндіруді сұрады.

Алайда жауапкер талаппен келіспей, аталған қабірде өзінің туған әпкесі жерленгенін мәлімдеді.

Сот барысында тағайындалған молекулалық-генетикалық сараптама нәтижесінде жерленген әйел мен жауапкердің биологиялық туыстығы расталды. Ал талапкердің бұл адаммен туыстық байланысы жоқ екені анықталды.

Осы дәлелдерге сүйенген сот талапкердің анасы дәл осы қабірге жерленгенін растайтын нақты айғақтар ұсынылмаған деген қорытындыға келіп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты.

Сонымен қатар сот іс қарау барысында Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және зираттарды күтіп ұстау қағидаларының сақталуына тиісті бақылау жүргізбегенін анықтады.

Осыған байланысты уәкілетті органның атына анықталған заңбұзушылықтарды жою және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде жеке ұйғарым шығарылды.

Кейін апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: