Жезқазғанда 29-30 маусым күндері қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Военная служба, военнослужащие, военнослужащий, военные, военный, армия, солдаты, солдат, вооруженные силы, военные учения, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 14:16 Фото: akorda.kz
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы (ТҚО) Ұлытау облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап, өңірде антитеррорлық оқу-жаттығу өтетіні туралы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 29-30 маусым аралығында Жезқазған қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу барысында қала аумағында автокөліктердің қозғалысына және тұрғындардың жүріп-тұруына уақытша шектеулер енгізіледі.


"Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – делінген Ұлытау облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Айта кетейік, 5-30 маусым аралығында Қазақстан аумағында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының үйлестіруімен "Найза-Антитеррор-2026" республикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Осыған байланысты бұған дейін ҰҚК қазақстандықтарға арнайы ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: