Зейнеткердің аспалы жолмен тауға көтерілуі іздестіру-құтқару жұмыстарымен аяқталды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысында құтқарушылар "Ақбұлақ" тау шаңғысы курорты аумағында тауға аспалы жолмен көтерілгеннен кейін адасып кеткен 74 жастағы кейуанаға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зейнеткерді құтқаруға ТЖМ құтқарушылары мен ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмылдырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде әйел егде бақылау алаңынан шамамен 3 шақырым төмен жерден табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге алып шықты.
ТЖМ мәліметінше, зейнеткердің жағдайы қанағаттанарлық болды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бұған дейін Алматыда жол апаты болып, адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript