Алматы тауларында сел қаупі: тұрғындар мен туристерге маңызды ескерту жасалды
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына тауға барудан уақытша бас тартуға кеңес берілді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" ұсынған дауылды ескертуге сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Алматының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Соған байланысты Кіші Алматы өзені алабында сел жүру қаупі жоғары.
"Қолайсыз ауа райына байланысты туристерді, қала тұрғындары мен қонақтарын жағдай тұрақталғанға дейін Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы аумағына бармауға шақырамыз, – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Құтқарушылар сел қаупі бар аймақта жүрген азаматтарға мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынды:
- таудағы ахуалға қатысты ресми ақпараттарды тұрақты қадағалау;
- сел жүру қаупі төнген жағдайда дереу биік әрі қауіпсіз жерге шығу;
- өзен арналарының бойында, сел жүруі мүмкін сай-салаларда, бөгеттердің үстінде немесе етегінде шатыр құрмау және аялдамау;
- таудың жоғары бөлігінде нөсер жауын жауса, өзен арнасынан және қауіпті аумақтан бірден кету.
Бұған дейін синоптиктер 1 шілдеге байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript