Алматы облысындағы тауларда өрт шықты: қызыл жалынды ауыздықтауға авиация жұмылдырылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 20 шілдеде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Байдібек би ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан Бақтияр сай шатқалында мемлекеттік жер қоры аумағындағы құрғақ шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдегі Төтенше жағдай департаментінің дерегіне сүйенсек, өртті сөндіру жұмыстарын Алматы облысы ТЖД бастығы, полковник Дәурен Оразбеков үйлестіруде.
Сонымен қатар, қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының 70 қызметкері, 15 бірлік техникасы, сондай-ақ ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиациясы жұмылдырылды.
ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 51 тонна болатын 17 рет су тастау жұмысын ұйымдастырды.
"Жұмыс барысы күннің ыстықтығы мен жылдамдығы 4 м/с-қа дейін жететін солтүстік-батыс желі салдарынан күрделеніп тұр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында",- делінген 20 шілдедегі құтқарушылардың ақпаратында.
Бүгін, 21 шілдеде редакциямызға 8:30-да келіп түскен ақпарға сүйенсек, тілсіз жау толығымен сөндірілді.
Бұған дейін "Баянауыл" ұлттық паркінде өрт шыққанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
