Тобыл өзенінен заңсыз құм өндіргендер табиғатқа елеулі экологиялық зиян келтірген

Тобыл өзенінен заңсыз құм өндіргендер елеулі экологиялық зиян келтірген , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 14:34 Сурет: pixabay
Қостанай облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану және пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру фактілері бойынша тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпарына сүйенсек, "СТС-Цемент" ЖШС-нің басшысы мемлекет белгілеп берген жер қойнауы учаскесінен тыс жерде, Тобыл өзенінің арнасы мен жағалауынан өнеркәсіптік көлемде өзен құмын заңсыз өндіруді ұйымдастырған.

Тергеу амалдары анықтағандай, жұмыстар өзен түбінен екі жер снарядтың көмегімен гидромеханикаландырылған тәсілмен жүргізілген.

Өндірілген өзен құмы байланысы бар кәсіпорындарға өткізілген. Жалпы сатылған құм көлемі 113 мың текше метрден асып, оның құны 719 млн теңгені құрады.

Өкінішке орай, заңсыз әрекеттердің салдарынан су және жер ресурстарына елеулі экологиялық зиян келтірілген.

"Атап айтқанда, Тобыл өзенінің арнасы өзгеріп, жағалау сызығы бұзылған, гидрологиялық режимге нұқсан келіп, батпақтанған аумақтар пайда болған".

Ғарыштық түсірілімдердің деректеріне сәйкес, су қоры жерлерінің бүлінген аумағы 28 мың шаршы метрден асқан.

Табиғи кешенді қалпына келтіру үшін жағалауды бекіту, өзен арнасын тазарту және бүлінген жерлерді рекультивациялау жұмыстары қажет.

Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі мүлікке тыйым салынды. Атап айтқанда, 12 автокөлікке, 10 жер учаскесіне және бір тұрғын емес үй-жайға тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Қазақстанда жылына 500 жүк көлігі шығарылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: