Тоқаев Ұлыбританияға жаңадан тағайындалған елші Әлібек Бақаевты қабылдады

Тоқаев Ұлыбританияға жаңадан тағайындалған елші Әлібек Бақаевты қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 15:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға, саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтуге, сондай-ақ энергетика, көлік, инновация және білім салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруды тапсырды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: