Wildberries қоймаларының бір бөлігін Қазақстанға көшіреді ме: министрлік түсініктеме берді

Торговые отношения, торговля между странами, международная торговля, экспорт, товары, импорт, торговое сотрудничество, товарообмен, перевозка грузов, грузоперевозки, товарные контейнеры, контейнер, логистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 15:58 Фото: magnific
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Wildberries қойма кешенінің ел аумағына көшірілуі мүмкін екеніне қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін "Коммерсантъ" басылымы Ресейдегі қоймаларға ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылдардан кейін Wildberries маркетплейсі сатушылар тауарларының бір бөлігін бағыттау үшін Қазақстаннан бос қоймалар іздей бастағанын жазған еді.

"Қазіргі уақытта Wildberries компаниясынан Қазақстан Республикасының аумағында қосымша қойма қуаттарын орналастыру мәселесіне қатысты Министрлікке ресми өтініш келіп түскен жоқ. Тиісті ұсыныстар келіп түскен жағдайда, олар Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеріле отырып, заңнама талаптарына сәйкес қаралады. Министрлік үшін халықаралық компаниялардың кез келген жобалары елдің ұлттық мүдделеріне сай, өзара тиімді негізде жүзеге асырылуы маңызды. Мұндай жобалар отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі тиіс." Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары. Осыған байланысты Министрлік заманауи қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы ілгерілетуге бағытталған инвестициялық жобаларды қолдайды.

Сонымен қатар тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық нормаларымен реттеледі.

Осыған байланысты нарықтың жекелеген қатысушылары үшін қандай да бір ерекше жағдайлар немесе арнайы талаптар көзделмеген. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың 12,5% мөлшерінде қосымша баж салығын енгізу туралы шешіміне байланысты мәлімдеме жасады. Министрліктің түсіндіруінше, бұл баж салығы АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен алып тастау тізімдеріне енгізілген тауарларға қолданылмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: