Тау басындағы оқиға: алматылық төтеншеліктер түні бойы абыр-сабыр болды
Сурет: Zakon.kz
Алматы құтқарушылары Титов шыңынан жоғалған жасөспірімді тауып, аман-есен эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен түнде Алматы қаласының "112" қызметінің пультіне таңертең өздігінен Титов шыңына (3871 метр) көтеріліп, кейін байланысқа шықпай қалған 15 жастағы жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарына №23 әмбебап құтқару бөлімшесінің және ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жұмылдырылды. Түні бойы құтқарушылар Мыңжылқы үстіртін, Титов асуын тексеріп, туристерден сұрастырып, жасөспірім жүруі мүмкін бағыттарды мұқият зерделеді. Таңертең жасөспірім Титов көлі маңындағы "Верхний Горельник" лашығынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар жасөспірімді төменге дейін қауіпсіз алып түсіп, №23 құтқару бөлімшесіне жеткізді. Кейін ол "Медеу" экобекетінде ата-анасына тапсырылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы тауларында төтенше оқиға орын алып, ресейлік қос альпинист жарақат алғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript