Атырауда ер адам әйелін өлтіріп кеткен: үш жасар бүлдіршін мәйіттің жанында түнеп шыққан
Фото: Zakon.kz
КТК дерегіне сүйенсек, үйдің бесінші қабатында 42 жастағы әйелді жолдасы үш жастан асқан қызының көзінше аяусыз пышақтап өлтірген. Шырылдаған әйелдің жан дауысын айнала көрші-көлем де естімепті. Ең сорақысы, бүлдіршін қансырап өлген анасының жанында бір тәулікке жуық жалғыз қалған. Әйелін қанжоса еткен азаматтық некедегі жолдасы оқиға орнынан қашып кеткен.
Марқұм Алмагүл Шмирова төрт баланың анасы екен. 38 жастағы күдікті күйеуі Ерсінбек Жұмағалиевпен алты жыл отасқан. Екі қызы тұрмыста, екі қызы анасымен бірге тұрған. Шағын дүкенді кәсіп етіп отырыпты. 16 жастағы қызы анасының және өзінің құбыларымен бірге дүкенді түнде жауып, үйге келген. Кіре берістен қанды көріп шошып, әрі қарай жүргенде, жерде қанжоса болып жатқан анасы мен жанында ұйықтап жатқан сіңлісін көріпті.
Марқұмның анасының айтуынша, күдікті 28 жерден пышақ салған. Тіпті кеңірдегін тіліп жіберген. Денесінің сау-тамтығы жоқ дейді. Күдікті күйеу бала Атырау қаласынан төрт күннен кейін ұсталған. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынған.
Бұған дейін ШҚО-да түрме маңынан күдікті ер адам ұсталғанын жазғанбыз.