Ұйымдасқан қылмыстық топ автонесие бойынша алаяқтық схема ұйымдастырып, оған 100-ден астам азаматты тартқан
Фото: Zakon.kz
Астана қаласында қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 4 тамызда елорда прокуратурасы мәлімдеді.
"Сот үкімімен кінәлілер ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны, сондай-ақ алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды".
Атап өтілгендей, жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.
"Сотта қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адамның болғаны және олардың әрқайсысының өзара нақты бөлінген міндеттері болғаны анықталды. Топ мүшелері азаматтарды 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленетініне сендіріп, автокредит рәсімдеуге көндірген. Сонымен қатар, несие бойынша міндеттемелерді өздері өтейтіндерін уәде еткен. Алынған автокөліктер заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығарылған". Астана қаласы прокуратурасы
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші деп танылып, барлығы 165 автокөлік рәсімделген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат берілетіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript