Алматы жаһандық рейтингіде ауасы ең лас қалалар қатарында жүр

Алматы, ауа сапасы, нашар, Қазақстан, IQAir, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 22:22 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы ауаның ластану деңгейі бойынша әлем қалаларының жаһандық рейтингінде 110-орынға ие болды. IQAir антирейтингінің көшбасында орман өрттері салдарынан ауа сапасы күрт нашарлаған АҚШ-тың Портленд қаласы тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

IQAir мониторингілеу сервисінің 5 тамыздағы деректері бойынша, Портлендтегі ауаның ластану себебі — Вашингтон және Орегон штаттарындағы өрт аймақтарынан тараған түтін мен ұсақ зиянды бөлшектер. Қазір бұл қаладағы ауа сапасы денсаулыққа зиян деп бағалануда.

Әлемдік рейтингте Портленд осылайша алға шығып, Киншасаны (Конго Демократиялық Республикасы), Делиді (Үндістан) және Кувейт астанасын басып озды.

IQAir рейтингі әлемдегі шамамен 120 ірі қаланы қамтиды және сағатына кемінде бір рет жаңартылып отырады.

Рейтинг, ауа сапасы, нашар, Қазақстан, IQAir, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 22:22

Сурет: IQAir

Айта кетсек, Алматы қаласы синоптиктер қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін айтып, күнде жариялап жататын қалалар қатарынан жиі көрінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: