Жетісу облысында көлік нөмірін әдейі жапқан жүргізуші жауапқа тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 12:36 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушы көршілес өңірде тұратын 21 жастағы азамат болып шықты. Ол Toyota Camry көлігімен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автожолында келе жатып, бейнебақылау камераларына түспеу және айыппұлдан жалтару мақсатында мемлекеттік нөмірдегі цифрлардың бірін әдейі жауып қойған.

Алайда жүргізушінің әрекеті заманауи бақылау жүйелері арқылы тіркелді. Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Енді жүргізуші бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы және бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: