Президент 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі басымдықтарын айқындады

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелеріне арналған кеңес өтті, – деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 16:36 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 17 тамызында Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сай, жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.

Кеңес барысында Президентке ел экономикасының қазіргі жағдайы баяндалды. Сондай-ақ 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен осы кезеңдегі республикалық бюджеттің негізгі параметрлері ұсынылды.

Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл жоспарланған экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беруді тапсырды.

Атап айтқанда, ауруханалар, балаларды оңалту орталықтары, мәдениет және спорт нысандарының құрылысын жеделдету қажет екенін айтты.

Бұған дейін, 16 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын мемлекеттік наградалар тізіміне енгізгені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: