Түркістан облысында полицейлер мас жүргізушіні ұстады
Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері Шардара — Жетісай тас жолында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару барысында көлік құралын мас күйінде басқарған Lada автокөлігінің жүргізушісін анықтады.
Полицейлер көліктің қозғалысын уақытылы тоқтатты. Жүргізуші көлік басқарудан шеттетіліп, заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылды.
Құқық бұзушылықты анықтау барысы полиция қызметкерлерінің қызметтік бейнежетоны мен көліктің бейнетіркегішіне тіркелген.
Полиция көлік құралын мас күйінде басқару барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін ескертеді.
Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript