Алматы мен Атырау ғана емес: "Қазгидромет" тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 09:35 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Алматы мен Қазақстанның тағы төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылған.

"2026 жылғы 19 тамызда Алматы қаласында, ал түнде Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оған желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында далада ұзақ жүрмеу ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққан кезде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі керек.

2026 жылғы 18 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдай күндіз Алматыда, ал түнде Атырауда болады деп болжанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: