Арыс гарнизонындағы дүмпу: әскерилер мәлімдеме жасады

Өрт, Арыс гарнизоны, дүмпу, жарылыс, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 22:07 Сурет: pixabay
2026 жылғы 19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанды. Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Жағдай бақылауда. Өрт толықтай өшірілді, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі азаматтарды әлеуметтік желіде тарап жатқан расталмаған ақпараттарға сенбеуге және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырады.

Бұған дейін Алматыда жеке секторда алапат өрт болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: