Арыстағы әскери бөлім маңында өрт шықты

Степной пожар, степные пожары, пожар в степи, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 10:28 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 19 тамызда сағат шамамен 19:00-де Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп өртенді. Өрт кезінде алдын ала жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагментінен тарсылдаған дыбыс естілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, әскери нысандарға зақым келмеген. Қазір өрт толық сөндірілді, жағдай бақылауда. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және тек ресми хабарламаларға сүйенуге шақырды. Бұл мәліметті басқа ақпарат көздері де растады.

Бұған дейін Алматының жеке секторында ірі өрт болғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: