Астанадағы оқиғадан кейін Ғалым Қалиақбаровтың Алматыдағы концерті өтпейтін болды

Астанадағы оқиғадан кейін Ғалым Қалиақбаровтың Алматыдағы концерті өтпейтін болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 15:39 Сурет: Instagram/galymkaliakbarov
Қазақстандық танымал стендап-комик, шоумен әрі продюсер Ғалым Қалиақбаровтың Алматыда өтетін концерті тоқтатылды. Бір күн бұрын оның Астанадағы өнер көрсетуі үзілген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концерттің өтпейтіні туралы ұйымдастырушылар Instagram Stories арқылы хабарлады. Іс-шара 2026 жылғы 21 тамызда, жұма күні сағат 21:30-да Almaty Central Stand up Club-та өтуге тиіс болған.


"Іс-шара ұйымдастырушыға байланысты емес себептермен тоқтатылды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сатып алынған билеттердің ақшасы толық көлемде қайтарылады", – делінген central.standup.almaty парақшасында 2026 жылғы 20 тамызда жарияланған хабарламада.

Әзірге Ғалым Қалиақбаров Алматыдағы концертінің тоқтатылуына да, елордадағы өнер көрсетуінің үзілуіне байланысты оқиғаға да түсініктеме берген жоқ.

Стендап-комик Instagram парақшасындағы соңғы жазбасын бір күн бұрын жариялаған.

Бұған дейін Ғалым Қалиақбаровтың 2026 жылғы 19 тамызда Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде өткен концерті күтпеген жерден тоқтатылғаны хабарланған еді. Оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желілерде тарады. Концерттің тоқтатылу себебін елорданың Есіл ауданы әкімдігі түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: