Петропавлда кәріз құдығынан әйелдің денесі табылды

Полиция, Петропавл, қалалық аурухана, кәріз құдығы, әйелдің денесі, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 22:16 Сурет: polisia.kz
Петропавлда қалалық аурухана маңында, Тәуфиқ Мұхамедрахимов көшесі бойындағы кәріз құдығынан белгісіз әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адам денесінің табылғаны туралы ақпарат Halyqstan Telegram арнасында пайда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм әйелдің жасы 40 шамасында. Одан ешқандай құжаттар табылмады.

"Шірудің айқын белгілеріне қарағанда, мәйіт құдықта ұзақ уақыт бойы жатып қалған. Бұл жағдайды өңірде бірнеше апта бойы сақталған аномальды ыстық та ушықтыруы мүмкін. Марқұмның жеке басын бірден анықтау мүмкін болмады", делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі адам денесінің табылғанын растады.

"27 тамызда Петропавлда Тәуфиқ Мұхамедрахимов көшесіндегі кәріз құдығының жанынан әйелдің денесі табылды. Марқұмның жеке басы әзірге анықталған жоқ", деп хабарлады 2026 жылғы 28 тамызда Zakon.kz тілшісіне СҚО ПД.

Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін ШҚО-да қауіпті қылмыскер түрмеден қашқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: