Құрылтай Қазақстанның вице-президенті мен премьер-министрінің кандидатураларын мақұлдады

Отырысқа қатысқан 145 депутаттың 141-і Ерлан Қариннің вице-президент лауазымына кандидатурасын қолдап дауыс берді. Осылайша, Құрылтай оның кандидатурасын мақұлдады.  Сонымен қатар депутаттар Олжас Бектеновтің Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына кандидатурасын да мақұлдады. Дауыс беруге қатысқан 144 депутаттың 137-сі оның кандидатурасын қолдаса, жетеуі қалыс қалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 11:06 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда Құрылтай депутаттары Қазақстанның вице-президенті мен премьер-министрі лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

  • Ерлан Қариннің кандидатурасын Қазақстан Республикасының вице-президенті;
  • Олжас Бектеновтің кандидатурасын Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына ұсынған еді.

Президенттің ұсынысын Құрылтайдағы "Әділет", "Ауыл", Respublica, "Ақ жол" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракцияларының жетекшілері қолдады.

Отырысқа қатысқан 145 депутаттың 141-і Ерлан Қариннің вице-президент лауазымына кандидатурасын қолдап дауыс берді. Осылайша, Құрылтай оның кандидатурасын мақұлдады.

Сонымен қатар депутаттар Олжас Бектеновтің Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына кандидатурасын да мақұлдады. Дауыс беруге қатысқан 144 депутаттың 137-сі оның кандидатурасын қолдаса, жетеуі қалыс қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: