БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың өліміне қатысты не белгілі

БАӘ қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Боханованың денесі 2026 жылғы 29 тамызға қараған түні елге жеткізілді. Сол күні оларды ақтық сапарға шығарып салды. Қыздардың әкесі олардың өлімінің себебіне қатысты әзірге қандай мәлімет бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 12:55 Сурет: pixabay
БАӘ қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Боханованың денесі 2026 жылғы 29 тамызға қараған түні елге жеткізілді. Сол күні оларды ақтық сапарға шығарып салды. Қыздардың әкесі олардың өлімінің себебіне қатысты әзірге қандай мәлімет бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, БАӘ полициясы қыздардың денесін әкесі Мейрам Боханов туыстығын растау үшін ДНҚ сынамасын тапсырғаннан кейін ғана берген. Ол қыздарының жүзін Қазақстанға жеткізілген соң, жерлеу рәсімінің алдында ғана көре алған.

"Жүздерін тек мешітте аштым. Бауырым екеуміз көрдік, біздің қыздарымыз екен... Аналары оларды көрген жоқ. Қыздарын қуанышты әрі бақытты қалпында есінде сақтасын", – деді Мейрам Боханов.

Өткен жылдың желтоқсанында Шарджаға жұмыс істеуге кеткен екі бойжеткеннің өліміне нақты не себеп болғаны ата-анасына әзірге белгісіз. Олар қыздары байланысқа шықпай қалғаннан бергі оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысып жатыр.

"Жүректері тоқтаған" деп айтып жатыр. Олардың нақты қалай көз жұмғанын, қалай өлтірілгенін білмейміз. Интернетте тараған ақпараттың бәрі – жалған. Оған сенбеңіздер! Сараптаманың ресми қорытындысы шыққаннан кейін ғана нақты мәлімет айта аламыз, – деді марқұмдардың әкесі.

Іс бойынша күдікті ұсталған. Қыздардың әкесінің айтуынша, ол – Қазақстан тумасы.

Қаза тапқан қыздардың бірі 20, екіншісі 22 жаста болған. Олардың денесі жалдамалы пәтерден табылды. Ата-анасының сөзінше, апалы-сіңлілі Шарджадағы сұлулық салонында жұмыс істеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: