ҰҚК 24 қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты: 169-дан астам адам ұсталды

2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес нәтижелері туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 11:55 Сурет: gov.kz
2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес нәтижелері туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

"Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің әрекетін тоқтатты. Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде қылмыстық топтардың жетекшілері ұсталды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында құрылған қылмыстық схемаларға байланысты заңсыз табыс көздері анықталып, жойылған.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", – деп атап өтті ведомство.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы тамызда тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілер туралы мәлімет ұсынған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: