Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 16:01 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Президент министрлік қызметінің негізгі бағыттарын айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамытуды және қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.

Сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Мұндай жобаларды алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы экологиялық мәдениетті арттырудың және "Таза Қазақстан" бастамасын одан әрі тиімді іске асырудың маңызын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: