Марқакөлде орман өртін сөндіруге екі тікұшақ тартылды

Тікұшақ, ШҚО, Марқакөл, орман өрті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2026 16:52 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
6 қыркүйекте Марқакөл орман шаруашылығында орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелері табиғи өртті сөндіруде. Өртті сөндіру жұмыстары кісі аяғы жетуі қиын жерде жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіру жұмыстарына орман күзетінің күші мен ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды.

"Өртті сөндіруге орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 техника бірлігі, "Қазавиалесоохрана" қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды. Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тікұшақ жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай өртті сөндіруге тартылған қызметтердің бақылауында", делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй өртенгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: