Астанада пиротехникалық бұйым қолданған студент 5 тәулікке қамауға алынды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 14:59 Фото: Zakon.kz
Астанада полицейлер елорданың дәмханаларының бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады.

Қазақ ұлттық спорт университетінің студенті Армат Әнуарбеков сүйіктісін туған күнімен ерекше құттықтау мақсатында дәмхана маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан.

Алайда мерекелік тосынсый әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты. Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық және және пиротехникалық бұйымдарды елдімекендерде қолдану фактілері бойынша бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен жас жігітке бес тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция пиротехникалық бұйымдарды қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланудың азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді.

Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: