100 млн теңгені алып кеткен әйел 16 жылдан кейін табылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 16:27 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бизнес серіктесінің 100 млн теңгеден астам қаражатын алып, ізін суытқан қазақстандық әйелді 16 жылдан кейін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полицияның 2026 жылғы 14 қыркүйектегі мәліметінше, оқиға 2010 жылы басталған. Облыс тұрғыны Бұқтырмада тұрғын үй салу үшін бизнес серіктесіне 100 млн теңгеден астам қаражат берген. Алайда кейін жағдай өзгеріп, әйел қаржылық міндеттемелерін орындамаған.

"Әйел белгілі мекенжайда тұрмай, байланысқа шығуын тоқтатқаннан кейін сот орындаушысы оған іздеу жариялады. Ұзақ уақыт бойы оның қайда жүргенін анықтау мүмкін болмады", – деп хабарлады полиция.

Шығыс Қазақстан облысы көші-қон қызметі мамандарының жүргізген жұмысы нәтижесінде іздеуде жүрген әйелдің көршілес мемлекеттің аумағында екені анықталды. Оның жүрген жері туралы ақпарат әрі қарай тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға берілді.

Бұған дейін Бас прокуратура Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын елге қайтарған еді. Ол 2023 жылы Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатамын деген желеумен 1,5 млн долларды иемденіп кеткен деген күдікке ілінген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: