Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чо Чжон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 11:16 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 16 қыркуйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері Чо Чжон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы Чо Чжон Шикке ілтипат білдіріп, оны Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері болып сайлануымен құттықтады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президенті Ли Чжэ Мёңмен жүргізген келіссөздерінің нәтижесіне тоқталды.

"Мазмұнды әрі мағыналы кездесу болды. Біз екіжақты ықпалдастығымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік", – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Корея парламентінің өкілдеріне Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы мәлімет берді.

"1 шілде күні халқымыз жаппай қолдаған Конституция заңды күшіне енді. Бұл тарихи оқиға Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерісіне тың серпін береді деп ойлаймыз. Екі палаталы Парламенттің орнына жаңа бір палаталы құрылым келді. Вице-Президент лауазымы пайда болды. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жасақталды. Оған қоса конституциялық мәртебесі бар бірегей консультативтік орган – Халық Кеңесі жұмысын бастады. Мақсатымыз – Әділетті, Күшті, Таза әрі Озық Қазақстанды құру", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: