Көкшетауда пәтердегі газ баллоны жарылып, ер адам зардап шекті

АГЗС, сжиженный газ, машины на газу, пропан, природный газ, газозаправочная станция, автомобильная газозаправочная станция, газовый баллон, газовые баллоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 12:07 Фото: freepik
Көкшетауда құтқарушылар газ-ауа қоспасының жарылуынан кейін қарт ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі 2026 жылғы 27 қыркүйекте Сәдуақасов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы хабарлама түскенін айтты.

"ТЖМ бөлімшелері келген кезде пәтерде газ-ауа қоспасының жарылғаны, алайда одан кейін өрт болмағаны анықталды. Терезелердің әйнектері сынған. Пәтерде көлемі 19 литрлік газ баллоны пайдаланылған", – деп нақтылады Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Құтқарушылар пәтерден 1935 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Оқиғаның алдын ала себебі – газ баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.

Осыған ұқсас жағдай Теміртауда да болған. Ол кезде жеке үйде газ-ауа қоспасы тұтанып, қарт ер адам қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: