Өскеменде Ұлттық ұлан сарбаздары 60-қа жуық күмәнді түйіншек тапты

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 13:08 Фото: Zakon.kz
Өскеменде патрульдеу кезінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тұрғын үйлердің бірінің ауласынан ішінде белгісіз ұнтақ тәрізді зат бар 60-қа жуық түйіншек тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Потанин көшесінде болған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері Давид Хасенов пен Артур Двинянин аумақты тексеріп жүріп, ағаштардың арасынан күмәнді ораманы байқаған. Олар бұл туралы әскери жасақ бастығына хабарлап, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылған.


"Патрульдеу кезінде аумақты, соның ішінде қараңғы әрі көзге бірден түсе бермейтін жерлерді мұқият тексереміз. Қалың ағаштардың жанынан өтіп бара жатқанда күдікті затты байқадым. Сыртқы түріне қарап, оның ішінде есірткіге ұқсас зат болуы мүмкін деп болжап, дереу әскери жасақ бастығына баяндадым", – деді қатардағы жауынгер Давид Хасенов.

Тексеру барысында қызыл, көк және қара түсті оқшаулағыш таспамен оралған 60-қа жуық түйіншек анықталды.

Түйіншектер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Олардың ішінде нақты қандай зат бар екені сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: