Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты

Сбитый пешеход, сбитый человек, наезд на пешехода, наезд на человека, смертельное ДТП, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 12:29 Фото: Zakon.kz
Атырау облысының Индер ауданында жол-пайдалану қызметінің техникасы қатысқан жол апатынан 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, алдын ала бейресми ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылына кіреберіс жолда болған.

Жол-пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысқан. Апат салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.

Ал 2026 жылғы 30 қыркүйекке қараған түні Үлкен Алматы айналма автожолында (ҮААЖ) ауыр жол апаты болды. Жүк көлігі жолда тұрған Renault көлігіне соғылған. Апат салдарынан үш адам зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: