Қарқаралы ұлттық паркінде екі турист адасып кетті

Қарқаралы ұлттық паркінде екі турист табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 09:44 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында құтқарушылар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іздеу жұмыстарын жүргізді. 48 және 53 жастағы екі демалушы Бассейн көліне бет алған кезде бағытынан адасып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, берілген координаттар мен байланыс деректері арқылы адасып қалған демалушыларды тез тапты.

Демалушылар қауіпсіз жерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін Алматы облысында 4300 метрден астам биіктікте туристің құтқарылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: