Ұлытау облысында зейнеткер 7 млн теңгесінен айырылып қала жаздады

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 13:12 Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысында алаяқтар зейнеткерді жинаған 7 млн теңгесін "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірмек болған. Банк қызметкерлерінің қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында әйелдің қаражаты сақталып қалды.

Ұлытау облысының тұрғыны алаяқтардың "қауіпсіз шот" туралы қулығына алданып, жинаған 7 млн теңгесін аударуға шақ қалған.

Банк қызметкерлері күдікті әрекетті дер кезінде байқап, полицияға хабарласқан. Нәтижесінде әйелдің қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Зейнеткердің айтуынша, барлығы бейтаныс адамдардың домофонды ауыстыруды ұсынған қоңырауынан басталған. Кейін алаяқтар өздерін түрлі ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, оны бірнеше кезеңнен тұратын схемаға тартқан.

Қоңырау шалушылар әйелді алаяқтар тобын әшкерелеуге көмектесіп жатқанына сендірген. Ол үшін жинаған қаражатын "қауіпсіз шотқа" аударуды сұрап, орнына оның шотына мемлекеттен ақша түсетінін айтқан.

Олардың сөзіне сенген әйел банкке барған. Алайда банк қызметкерлері жағдайды дер кезінде байқап, полицияға шұғыл хабарлаған. Бірлескен әрекеттің нәтижесінде алаяқтықтың жолы кесіліп, зейнеткердің 7 млн теңгесі сақталып қалды. Зейнеткердің айтуынша, бұдан кейін де алаяқтар оған бірнеше рет қоңырау шалып, қорқытуды жалғастырған.

Өңір тұрғыны басынан өткен оқиғаны "Көмектеріңізге рахмет" бейнематериалында баяндады. Бұл жағдай күмәнді қоңырауларға тап болған кезде алаяқтардың талаптарын орындамай, жақындарына, банк қызметкерлеріне немесе полицияға дер кезінде жүгінудің маңызын көрсетеді.

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдардың ақша аудару туралы нұсқауларын орындамауға, жеке мәліметтері мен SMS-кодтарды ешкімге бермеуге шақырады. Алаяқтыққа күдік туындаған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: