"Бағдаршам жұмыс істемеген": Астанада жаяу жүргіншіні Chevrolet Cobalt көлігі қағып кетті

Камеры видеонаблюдения, камера видеонаблюдения, видеонаблюдение, светофор, светофоры, скоростные автобусные линии, автобусная полоса, BRT, БРТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 09:52 Фото: Zakon.kz
Астанада Әуезов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен адам оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға куәгерлері жол апаты болған жерден түсірілген кадрларды жариялап, жаяу жүргіншіні көліктің қағуына бағдаршамның жұмыс істемеуі себеп болуы мүмкін екенін болжаған.

"Алдын ала болжам бойынша, бұған жұмыс істемей тұрған бағдаршам себеп болуы мүмкін – ол жүргізушілер үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жұмыс істемеген", – делінген Astanovka 98 қалалық паблигінің жарияланымында.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы болғанын растады және оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"5 қазанда Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі Әуезов көшесімен келе жатып, Сейфуллин көшесімен қиылыста солға бұрылған кезде белгіленген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, оны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр", – деді елордалық ПД өкілдері.

Бұған дейін Алматы-Екатеринбург тасжолында "Газель" мен "Лада" көліктері соқтығысып, адам өлімімен аяқталған жол апаты болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: