Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап қаза тапты

Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 11:38 Сурет: pexels
2026 жылғы 6 қазан кешінде көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған екі жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

"Тергеу барысы БҚО Полиция департаменті басшылығы мен прокуратурасының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.

Қаза тапқандар 2010 және 2012 жылы туған жасөспірімдер болған.

Бұған дейін Шымкентте де қайғылы оқиға болған еді. Онда банкет залдарының бірінде сол жерде жұмыс істеген 13 жастағы жасөспірім қайтыс болған. Мейрамхана кешенінің иесі жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: