"Алдап шақырып, ұрып-соғып, көлігін тартып алған": Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 14:13 Фото: Zakon.kz
Астананың үш тұрғыны адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін бас бостандығынан айырылды. Оқиғаның мән-жайын елорда прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыскерлер Telegram мессенджерінде қыздардың атынан жалған аккаунттар ашқан. Сол арқылы ер адамдарды кездесуге шақырып, кейін оларды күштеп қала сыртына алып кеткен. Жәбірленушілерді ұрып-соғып, олардың беделіне нұқсан келтіретін бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыскерлер үш жәбірленушіден бопсалау арқылы жалпы 2,2 млн теңге алған.

"Бір жәбірленушіні микрокредит рәсімдеуге мәжбүрлеп, екіншісінің автокөлігін иемденген", – деп хабарлады Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.


"Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің залалды өтеу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қазақстандықтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде танысқан кезде сақ болуға тағы да шақырды. Сондай-ақ ауырлататын мән-жайларда жасалған адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Бұған дейін Шымкентте Bingo-37 және Lotoboom онлайн-казиноларының әшкереленгенін жазған едік. Ұйымдастырушылар қылмыстық жолмен тапқан табысына құны 200 млн теңгеден асатын мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер мен екі жер учаскесі бар. Барлық мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: