Қостанай облысында КАМАЗ бен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

Дорожно-транспортное происшествие, ДТП, авария с мопедистом, ДТП с мопедом, ДТП с мопедистом, авария с мопедом, авария с мотоциклистом, ДТП с мотоциклом, столкновение с мотоциклом, авария с мотоциклом, ДТП с мотоциклистом, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 11:14 Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында КАМАЗ жүк көлігі мен мотоциклдердің қатысуымен жол апаты болып, бір мотоциклші қаза тапты, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 2026 жылғы 12 қазанға қараған түні Тобыл қаласындағы көшелердің бірінде болған. КТК телеарнасының мәліметінше, жүк көлігі екі мотоциклшінің жолын бөгеп, олардың соқтығысудың алдын алуға үлгермегені туралы болжам бар.

38 жастағы КАМАЗ жүргізушісі солға бұрылған кезде, оған жоғары жылдамдықпен келе жатқан екі мотоцикл соғылған. 34 жастағы мотоциклші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Ал оның 29 жастағы серігі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін, 2026 жылғы 9 қазанда Қостанай қаласында Chevrolet көлігінің жүргізушісі қиылыста бірнеше көлікпен қатты соқтығысып, жол апатынан бірнеше адам зардап шеккен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: