Маңғыстауда электронды білезік тағылған сотталғандар 150-ден астам заң бұзушылық жасаған

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 09:14 Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында жыл басынан бері пробация қызметкерлері электронды бақылаудағы сотталғандардың 150-ден астам заң бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, қазір Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 900-ден астам сотталған адам есепте тұр.

Олардың бір бөлігіне сот белгілеген шектеулердің сақталуын қадағалау мақсатында электронды білезік тағылған. Бұл құрылғылар сотталғандардың белгіленген талаптарды орындауын бақылауға және заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері пробация қызметкерлері 150-ден астам заң бұзушылықты тіркеген. Атап айтқанда, сотталғандар белгіленген уақытта үйінде болмаған, тиісті рұқсатсыз өздері тұратын әкімшілік аумақтың шегінен шығып кеткен, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және электронды білезіктерін қасақана бүлдірген.

Сотталғандардың бірі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалып, Ақтау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына орналастырылған.

Сонымен қатар пробация қызметі тағы екі сотталғанның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізген. Сот бұл ұсыныстарды қанағаттандырған. Осыдан кейін олар жазасының қалған мерзімін өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілген.

Бұған дейін Қазақстанда бухгалтер мен мұғалімнің жылдар бойы өзгенің жалақысын өздеріне есептеп келгені туралы жазған едік. Олар иемденген қаражаттың көлемі таңғалдырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: