Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 10:47 Фото: freepik
Астананың 20 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол Threads әлеуметтік желісі арқылы концерт билеттерін сататынын айтып, ақша алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті әлеуметтік желіде концерт билеттерін сату туралы хабарландырулар жариялаған.

"Хабарландыруға қызығушылық танытқан азаматтар билет үшін ақша аударған. Қаражат күдіктінің танысына тиесілі банк шотына түскен. Алайда жәбірленушілерге ақысын төлеген билеттері берілмеген", – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіден заттай дәлелдемелер, соның ішінде ұялы телефон тәркіленді. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол осы телефон арқылы хабарландырулар жариялап, сатып алушылармен хат алмасқан.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


"Оқиғаның барлық мән-жайы, келтірілген залалдың мөлшері және өзге де ықтимал жәбірленушілер анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы билет сатып алғанда сақ болуға шақырды.

Ақша аудармас бұрын хабарландырудың шынайылығын және сатушының деректерін тексеру ұсынылады. Өйткені интернеттегі тартымды ұсыныс ақысын төлеген тауарды немесе қызметті алуға әрдайым кепіл бола бермейді.

Бұған дейін алаяқтардың адамдарды алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып, ықтимал құрбандарына көршілерінің атынан хабарлама таратып жатқаны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: