Ипотека бойынша ерекше шарттар ұсынады: қазақстандықтарға жаңа айла туралы ескертілді

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 09:36 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Дезинформацияға қарсы күрес орталығы мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге арналған ипотека туралы жалған жарияланымдар таралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықтың 2026 жылғы 21 қазанда таратқан ақпаратына сәйкес, мұндай жарияланымдар жұрт назарын аударатын тақырыптарымен ерекше шарттар, қолжетімді баспана және белгілі бір кәсіп иелеріне ғана арналған мүмкіндіктер ұсынады.

Алайда бұл хабарландырулардың артында жаңа ипотекалық бағдарлама емес, ипотекалық қарыз рәсімдеу бойынша ақылы кеңес беретін компаниялардың маркетингтік тәсілі тұр.

Компаниялар өз аудиториясының қызығушылығын зерттеп, жарнамалық жарияланымдарын халықтың нақты топтарына бейімдейді. Мұғалімдерге "Педагогтерге арналған ипотека", медицина қызметкерлеріне "Дәрігерлерге арналған баспана", ал мемлекеттік қызметшілерге "Мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы бағдарлама" деген тақырыптар ұсынады.

Іс жүзінде бұл әртүрлі мамандық иелері қатыса алатын бірдей тұрғын үй бағдарламалары болуы мүмкін. Мұндай жарияланымдарда азаматтарды санаттарға бөлу, ең алдымен, компания қызметтерін жарнамалау үшін қолданылады.


"Оқырманды қызықтырып, сілтемеге өтуге итермелейтін тақырыптар жалған үміт тудыруы мүмкін. Соның салдарынан адамдар жоқ арнайы бағдарламаларды іздеуге уақыт жұмсап, делдалсыз бұл ұсынысты пайдалану мүмкін емес деп ойлап, ақылы кеңес алуға жүгінеді", – делінген хабарламада.

Орталық өкілдері жарнамалық жарияланымда бағдарламаның ресми шарттарына сілтеме болмаса, толық ақпаратты тек ақы төлегеннен кейін беруді ұсынса немесе несиенің міндетті түрде мақұлданатынына кепілдік берсе, ақпараттың шынайылығын қосымша тексеру қажет екенін атап өтті. Ипотекалық бағдарламалар туралы мәліметті мемлекеттік органдар мен банктердің ресми сайттарынан алуға болады.

Қазақстандықтарды алдаудың өзге де тәсілдері бар. Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі елімізде интернет-алаяқтықтың ең көп таралған үш схемасын атаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: