Кентауда есірткіні жарнамалайтын 60 граффити өшірілді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 12:58 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының полиция қызметкерлері жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі заттарын жарнамалайтын заңсыз граффити жазуларын анықтап, оларды жоюда.

Мәселен, Кентау қалалық полиция бөлімінің полицейлері тұрғын үйлердің, гараждардың және қараусыз қалған ғимараттардың қабырғаларынан есірткі заттарын сатуды насихаттайтын 60 граффити жазуын анықтады. Олардың барлығы толығымен өшірілді.

Мұндай жазулар есірткі саудасын жасырын жарнамалау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан полицейлер оларды анықтап, жоюмен қатар, тұрғындар арасында есірткі қылмысының зияны мен заңсыз әрекеттердің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

Полиция қызметкерлері бұл бағыттағы профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: